Медициналық орталық — «CITY» емханасының филиалы, жоба «Almaz Medical Group» ЖШС қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Орталық 2025 жылғы 1 қаңтарда ашылды. Жобаның мақсаты — ауыл тұрғындарына қалалық деңгейдегі медициналық көмекті қолжетімді әрі жақын жерде ұсыну. Енді қызылжарлықтар медициналық қызметтерді тек ФАП-та ғана емес, осы медициналық орталықта да ала алады.

Медициналық орталық науқастарды диагностикалау және емдеу үшін заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

 

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты орталықта жіті жұқпалы ауру белгілері бар науқастарды қабылдауға арналған фильтр-кабинет жұмыс істейді.

 

Жалпы практика дәрігерінің кабинеті балалар мен ересек тұрғындарды қабылдауға арналған. Ересек тұрғындардың мақсатты топтарына скринингтік тексерулер, балаларға профилактикалық қарап-тексерулер және аудиоскрининг жүргізіледі.

 

Медициналық орталықта «КДЛ ОЛИМП» процедуралық кабинеті ашылған, мұнда тұрғындар зертханалық диагностикалық тексерулерден өте алады.

 

Рентгенологиялық зерттеулер кабинетінде флюорографиялық және рентгенологиялық тексерулер жүргізуге арналған заманауи жабдық орнатылған.

 

Екінші қабатта бейінді мамандар кабинеттері, 8 төсек-орынға арналған күндізгі стационар және УДЗ кабинеті орналасқан.

Приглашаем Вас подписаться на наш Instagram

Узнавайте о последних новинках, акциях
и специальных предложениях.

@city.emhana