Медициналық орталық науқастарды диагностикалау және емдеу үшін заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты орталықта жіті жұқпалы ауру белгілері бар науқастарды қабылдауға арналған фильтр-кабинет жұмыс істейді.
Жалпы практика дәрігерінің кабинеті балалар мен ересек тұрғындарды қабылдауға арналған. Ересек тұрғындардың мақсатты топтарына скринингтік тексерулер, балаларға профилактикалық қарап-тексерулер және аудиоскрининг жүргізіледі.
Медициналық орталықта «КДЛ ОЛИМП» процедуралық кабинеті ашылған, мұнда тұрғындар зертханалық диагностикалық тексерулерден өте алады.
Рентгенологиялық зерттеулер кабинетінде флюорографиялық және рентгенологиялық тексерулер жүргізуге арналған заманауи жабдық орнатылған.
Екінші қабатта бейінді мамандар кабинеттері, 8 төсек-орынға арналған күндізгі стационар және УДЗ кабинеті орналасқан.
Соңғы жаңалықтар, акциялар және арнайы ұсыныстар туралы біліп жүріңіз.
@city.emhana